Мен исламға қалай келдім...
Мен исламға қалай келдім...

Құдайға шүкір, туғалы мұсылманмын. Әке-шешем ораза ұстап, намаз оқымаса да, "бисмилласын" ауыздарынан тастамайды. Әкем көзімді ашқалы астан соң аузын жыбырлатып, "әйетін" оқиды да, асын қайырады. Үйдегілер "тие берсін" деп беттерін сыйпайды. Бала күннен көріп өскен әдет болған соң, оның не екенін, "тие берсін" дегендерінің мәнісін сұрамайтынмын... Сөйтіп, есейдік, мектепті бітірдік. Астанаға оқуға жүрер алдында бір досыммен жаздың бір кешінде серуендеп жүріп былай дегенім есімде: "Дін жолына түскім келеді". 

Содан Астанаға жолға шықтық. Жанымда ата-анам бар. Біз орын алған купеде бір шариғатқа сай киінген қазақ әйелі мен орыс ұлтының ер адамы келе жатты. Ерлі-зайыптылар екен. Күйеуі бір уақытта намаз оқыды. Орыс жігіттің намаз оқығаны мені расында таңқалдырды. "Бұлар неге бүйтіп киінеді екен, соның сырын білгім келеді" деп ойладым. 

Астанаға кеп, оқуға тапсырып, жатақханаға орналастық. Бөлмелесім хиджабтағы қыз боп шықты. Алғашында қатты шошындым. "Жатпаймын" деп біраз атой салдым. Ауылға кеткен ата-анама телефон шалып, "бахависттің жанынан орын берді" деп жылап та алдым. Одан пайда болмады, амал жоқ, сол қызбен бірге тұратын болдым. Келген күннен ол қыз уағызын бастады. Бала күннен санаға сіңген нәрсені бұзу оңай деймісің, біраз қарсылық танытып, ештеңені мойындамай қойдым. Ішіп жатқан тамағымды тастай салып, кетіп қалатын едім. Сол жылдың күзінде ораза басталды. Бұрын да ораза ұстайтынмын, бірақ сол жылы алғаш рет оразаның мәнін түсініп ұстағаным шығар. Қадір түні әлгі құрбым түрлі видео-уағыздар әкелді. Сол түні мен намаз оқып кетпесем де, Аллаға серік қосу дегеннің не екенін ұғындым. Неше жылдан бері санамда айсбергтің мұзындай қатып қалған "әруаққа табыну" деген ұғымның күл талқанын шығардым. Аллаға сансыз шүкір, шынайы мұсылман болдым. Еш нәрсе тектен тек емес, әр нәрсенің қайыры бар бар... Альхамдулилла! 

МейірмангүлМейірмангүл
9 лет назад 20869
6 комментариев
О блоге
0
1405 10 15 29 5