Мен исламға қалай келдім...
Құдайға шүкір, туғалы мұсылманмын. Әке-шешем ораза ұстап, намаз оқымаса да, "бисмилласын" ауыздарынан тастамайды. Әкем көзімді ашқалы астан соң аузын жыбырлатып, "әйетін" оқиды да, асын қайырады. Үйдегілер "тие берсін" деп беттерін сыйпайды. Бала күннен көріп өскен әдет болған соң, оның не екенін, "тие берсін" дегендерінің мәнісін сұрамайтынмын... Сөйтіп, есейдік, мектепті бітірдік. Астанаға оқуға жүрер алдында бір досыммен жаздың бір кешінде серуендеп жүріп былай дегенім есімде: "Дін жолына түскім келеді". Содан Астанаға жолға шықтық. Жанымда ата-анам бар. Біз орын алған купеде бір...