Әңгіме. Өмірдегі маңызды қарым-қатынас
Бөлменің іші қап-қараңғы. Мүлгіген тыныштық. Жазира арасында ауыр күрсініп қояды. Еңсесін басқан ауыр ойдан арыла алмай жүргеніне қаншама күн. Осы түнгі тыныштық оның мазасын алады. Ескі жараның аузы тырналып, есіне сол күнгі оқиға түсе береді. Сол жақ қырымен жатты. Жүрегінің дүрсілі кеудесін жарып шығардай дүрсілдейді кеп… Терезенің жапқышы дұрыс жабылмай қалған екен. Қараңғы түнге көз салды. Ай да, жұлдыз да көрінбейді. “Аспан бұлттанып тұр-ау, шамасы” деп ойлады Жазира. Бұл түн оның еңсесін одан бетер баса берді… Оң қырына ауысты. Жанында пысылдап ұйықтап жатқан екі құлынына көзі түсті....